Алматы қаласында авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда

0 254

Техногенді сипаттағы топырақтың батпақтануынан көлемі 3200 текше метр жылжыма түсті. 2 жеке тұрғын үйге, оның ішінде біреуіне ішінара зақым келді.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, үйлерде төрт адам, оның ішінде екі бала болған.

Оқиға орнында “Қазселденқорғау” ММ, Алматы қаласының “109 құтқару қызметі” ММ, Республикалық жедел-құтқару жасағынан, Алматы қаласы ТЖД, ТЖМ 28237 әскери бөлімінен, жедел медициналық көмек бригадасынан, Медеу ауданының әкімдігінен 160-тан астам адам және 30 бірлік техника жұмылдырылды.

Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланды. Жинау пунктіне орналастырылғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң, тұрғындар өз еркімен достары мен туыстарына кетті.

Дәрігерлер бригадасы кезекшілікті жалғастыруда. Жергілікті жерде ТЖД психологиялық тобы жұмыс жасауда.

Тек ресми деректерге сенуді сұраймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.