⚽️«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары УЕФА Конференция Лигасындағы қазақстандық төрт клубтың ойынын тікелей эфирде көрсетеді

0 11

21 шілде күні, сағат 17:50-де «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде петропавлдық «Қызыл-Жар» футбол клубы хорватиялық «Осиек» командасымен кездеседі. Комментаторлар: Дәулет Сейітбек, Ербол Қаиров.

 

Қостанай қаласында жергілікті «Тобыл» гибралтарлық «Линкольн Ред Импс» ұжымын қабылдайды. Ойынды сағат 19:50-де «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар. Комментаторлар: Еламан Әмірғазы, Әділет Құсайынов.

 

Алматы «Орталық» стадионында «Қайрат» венгриялық «Кишварданы» қабылдайды. Ойын сағат 19:50-де «Qazaqstan» арнасының тікелей эфирінде көрсетіледі. Трансляция тізгінінде: Есей Жеңісұлы, Әлімжан Асқар.

 

Польшалық «Ракув» өз алаңында елордалық «Астана» клубымен кездеседі. Ойынды сағат 00:50-де, «Qazsport» телеарнасы көрсетеді. Комментаторлар: Ермұхаммед Мәулен, Дидар Қадыров.

Leave A Reply

Your email address will not be published.