🇰🇿📞🇦🇿 Қазақстан мен Әзербайжан президенттері телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Әзербайжан Республикасының Президенті лауазымына кезектен тыс өткен сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады.

0 70

✔️Мемлекет басшысы сайлаудағы дауыс беру қорытындысы Ильхам Әлиевтің Әзербайжанды одан әрі нығайтуға, елдің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын қамтамасыз етуге және мемлекеттің халықаралық аренадағы беделін арттыруға бағытталған стратегиялық бағдары мен ауқымды реформалары бүкілхалықтық қолдауға ие болғанын анық көрсеткенін атап өтті.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің әзербайжан халқының игілігі мен дамуы үшін қолға алған барлық жоспарының табысты орындалуына тілектестік білдірді.

✔️Өз кезегінде Әзербайжан Президенті құттықтағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, бауырлас Қазақстанмен арадағы ғасырлар бойы қалыптасқан достық, стратегиялық серіктестік және одақтастық рухындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдете беруге ниетті екенін растады.

 

 

 

 

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.