🚑Жедел-жәрдем қызметкерлері науқасқа 3 шақырым жерді жаяу жүріп келген

0 19

Ақтөбе облысындағы Хромтау ауданында дәрігерлер науқасқа қалың қарды омбылап әрең жеткен. Үш шақырым жерге жаяулатып 1 сағатта әрең жеткен дәрігерлер науқастың жүрегін тексеріп, кеңес беріп қайтқан. Ауруханаға жатқызу қажет болмаған.

Теміржол саласындағы қызметкерлер де күшейтілген режимге көшті. Техниканың күші жетпейтін жерлердегі қарды тазарту үшін 2 мың теміржолшы жұмысқа шықты.

Қазір 13 өңірде жол жабық. Облыстық маңызы бар 85 учаскеде барлық көлік қозғалысына шектеу қойылды.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.