Жаңалықтар

Жыл соңына дейін республикалық жолдардың 91% қалыпты жағдайда болмақ

Жыл соңына дейін республикалық жолдардың 91% қалыпты жағдайда болмақ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында халықты сумен қамту, жол салу, баспана беру көрсеткіштері туралы айтып берді. «Биыл 1 тамыздағы жағдай бойынша «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыруға 650,1 млрд теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджет 440,4 млрд теңгені, бюджеттен тыс қаражат 155,8 млрд тенгені және жергілікті бюджет 53,9 млрд тенгені құрайды. Жоспар кестесіне сәйкес барлық бюджет толық көлемде игерілді», - деді Қ. Өскенбаев. Министрдің айтуынша, инфрақұрылымды кешенді дамыту» міндеті бойынша 79,3 млрд теңге толық игерілді немесе 99%-ды пайызды құрады. «Ішкі көлік желісін дамыту» міндетінде 301,2 млрд тенге игерілген. Олар республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салуға, реконструкциялауға және жөндеуге, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салуға, реконструкциялауға және жөндеуге бағытталған. «Қалыпты жағдайдағы жол сапасының көрсеткіші жыл соңына дейін республикалық желі бойынша 91%-ға дейін, ал жергілікті желі бойынша 85%-ға дейін жетеді. Шымкент және Қостанай қалаларындағы әуежайлардың жерүсті инфрақұрылымы жаңғыртылады. Сондай-ақ биыл Алматы қаласының әуежайында жаңа жолаушылар терминалының құрылысы басталды», - деп түсіндірді Қ. Өскенбаев. Дереккөз: Қазақпарат сайтынан