Елордада екі жасар сәби кәріз құдығына түсіп кетті
Елордада екі жасар сәби кәріз құдығына түсіп кетті
Елордада екі жасар сәби кәріз құдығына түсіп кетті. Telegram-дағы Astanovka98 парақшасы таратқан мәліметке сәйкес, оқыс оқиға Министрліктер үйі аялдамасы жанында орын алған. Бесік арба сүйреткен анасымен қатар келе жатқан сәби кәріз құдығының қақпағының үстімен өтіп бара жатқанда ол ашылып кетіп, ішіне түскен. Оқыс оқиғаға куә болған азаматтың бірі құдықтың ішіне түсіп, сәбиді алып шыққан. Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы сәбиге қажетті көмек көрсетіліп, амбулаторлық ем алуға жіберілгендігін хабарлады. «Бүгін травматологиялық пунктке 2020 жылы дүниеге келген сәби түсіп, оны нейрохирург пен травматолог қарады. Бала қараған кезде ес-түсін біледі, мазасыз емес. Оған қажетті барлық көмек көрсетілді. Сынған жері жоқ, миы шайқалмаған. Кеңес берілді. Қазіргі уақытта бала амбулаторлық ем алуға жіберілді», - деді департаменттен.