Жаңалықтар

Қаңтар оқиғасы: Кәсіпкерлер салықтан босатылады

Қаңтар оқиғасы: Кәсіпкерлер салықтан босатылады

Қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен кәсіпкерлердің мемлекеттен алған ақшалай көмегінен табыс салығы алынбайды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. «Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер – шағын және орта бизнес субъектілері төтенше жағдай кезінде келтірілген мүліктік залалды өтеу үшін ақша алған жағдайда жылдық жиынтық кірісті түзетуге құқылы. Егер әкімшілік құрған комиссияның шешімі болып, осы комиссияның тізіліміне кәсіпкер енсе, осындай түзетуді қолдана алады. Корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында Салық кодексінің 241-бабының 1-тармағына сәйкес жылдық жиынтық табысты түзету корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда көрсетілуге жатады. Жеке тұлғаларға төлемдер табыс ретінде танылады, бірақ оған жеке табыс салығы салынбайды. Сонымен қатар, салық агенті жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияда төленген сомаларды көрсетуге міндетті »,-делінген хабарламада.