Темекі бағасы қымбаттайды
Темекі бағасы қымбаттайды
2023 жылдан бастап темекі өнімдеріне акциз ставкалары кезең-кезеңімен өседі. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады. Ставкалар 2023, 2024 және 2025 жылдарға бекітілген. Атап айтқанда, Салық кодексінің 463-бабы 4-тармағының 1) тармақшасындағы кестенің 14, 15, 16, 18, 21 және 22-жолдарына өзгерістер енгізілді. Фильтрі бар сигареттер: — 2023 жылы – 14 100 теңге/1 000 дана; — 2024 жылы – 15 900 теңге/1 000 дана; — 2025 жылы — 15 900 теңге /1000 дана. Сондай-ақ сигарилларға акциз ставкалары сигареттер ставкаларына теңестірілген. Қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға өлшем бірлігін килограмнан данаға өзгерте отырып, сигареттерге акциз ставкасының мөлшерінен 70 пайыз деңгейіндегі акциз ставкасы айқындалды: — 2023 жылы – 9 870 теңге /1000 дана; — 2024 жылы – 11 130 теңге /1000 дана; — 2025 жылы — 11 130 теңге /1000 дана. Одан бөлек, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына өзгерістер енгізілді. Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі никотині бар сұйықтыққа ставка артып: — 2023 жылы – 53 теңге/сұйықтық миллилитріне; — 2024 жылы – 55 теңге/сұйықтық миллилитріне; — 2025 жылы – 55 теңге/сұйықтық миллилитріне құрайды. Айта кетсек, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше Қазақстанда ересектердің 21,5%-ы темекі шегеді.