Жаңалықтар

Маңғыстауда жол апатынан 1 адам мерт болды

Маңғыстауда жол апатынан 1 адам мерт болды

Маңғыстау облысында Жетібай-Шетпе тасжолының 96-шақырымында екі көлік соқтығысып, салдарынан 1 адам көз жұмды, тағы 5 адам зардап шекті. «Шетпе аулына келе жатқан УАЗ автокөлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, Toyota Prado автокөлігімен соғысқан. Екі көлік те өртенген. УАЗ автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал 5 адам ауруханаға жеткізілді», - дейді Маңғыстау облыстық Полициясы департаментінің баспасөз қызметінен. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары басталды. Дереккөз: Қазақпарат сайтынан