Жаңалықтар

Мектептегі дене шынықтыру сабағын бағалау жүйесі өзгертілмек

Мектептегі дене шынықтыру сабағын бағалау жүйесі өзгертілмек

Қазақстандағы мектептерде дене шынықтыру сабағындағы бағалау жүйесі өзгеруі мүмкін. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов депутаттық сауалға берген жауабында айтылған. «Қазіргі кезде дене шынықтыру сабағында бағалауды өзгерту мәселесін Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығында жұмыс тобы қарастырып жатыр», - деп жазды Е. Тоғжанов депутаттық сауалға жауап бере отырып. Сонымен қатар Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы базасында 5-9 сыныптар үшін «Дене шынықтыру» сабағының оқыту бағдарламасына өзгерту мен толықтыру енгізу жұмысы жүргізіліп жатыр.