Өткен тәулікте 1373 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Өткен тәулікте 1373 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1373 жағдай тіркелді, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 368 205 жетті. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында — 301, Алматы қаласында — 202, Шымкент қаласында – 12, Ақмола облысында – 89, Ақтөбе облысында – 28, Алматы облысында — 12, Жетісу облысында — 24, Атырау облысында — 26, Шығыс Қазақстан облысында — 10, Абай облысында — 22, Жамбыл облысында — 40, Батыс Қазақстан облысында — 49, Қарағанды облысында — 327, Ұлытау облысында — 2, Қостанай облысында — 63, Қызылорда облысында — 25, Маңғыстау облысында — 16, Павлодар облысында — 83, Солтүстік Қазақстан облысында — 26, Түркістан облысында — 16 адамнан инфекция анықталды.