Жаңалықтар

Меркілік азаматтан 8 келі марихуана табылды

Меркілік азаматтан 8 келі марихуана табылды

Жамбыл облысының тұрғынынан 8 келі марихуана табылды. Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы мақсаттағы жасақпен бірлесіп, «Қарасора-2022» жедел алдын алу іс-шарасын өткізген болатын. Шара барысында Шу ауданының аумағындағы құмға жақын маңда орын тепкен Тасөткел ауылынан 5 шақырым қашықтықтан Меркі ауылының тұрғынын ұстады. «35 жастағы азаматты тінту кезінде 8 келі 190 гр марихуана «канабис өсімдігі» есірткі заты табылып, тәркіленді. Сондай-ақ, тиісті сараптамалық қорытынды тағайындалды. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», - деді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Д.Қойтөриев. – Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.