Жаңалықтар

Алматыда екі бала мен анасының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматыда екі бала мен анасының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматыдағы «Спутник» тұрғын үй кешеніндегі әйел мен екі баласының өліміне қатысты кісі өлтіру дерегі бойынша іс қозғалды. «Әйел мен оның екі баласының денесі 6 тамыз күні қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінен табылды. Мәйіттерде зорлық-зомбылық ізі болған. Полиция департаменті кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Сондай-ақ, видеоматериалдар зерттеліп, куәгерлерден жауап алынып жатыр. Алматы қалалық прокуратурасы қылмыстық істі ерекше бақылауына алды», - деп хабарлады қалалық прокуратурадан.