Жаңалықтар

Аутизммен ауыратын тағы бір бала жоғалып кетті

Аутизммен ауыратын тағы бір бала жоғалып кетті

Түнде үйінен қашып кеткен: Өскеменде 500-ге жуық адам аутист баланы іздеуде Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде, квадрокоптер тартылып, үйді аралау жүргізілуде. 14 тамызда Өскеменде 12 жастағы бала жоғалып кетті, деп хабарлайды ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі. 2010 жылы туған Тамирлан Ахмеджанов 14 тамызға қараған түні сағат 02:30 шамасында үйінен шығып кеткен. Іздестіруге көмектесуін өтінген оның туыстары түскі сағат үште полицияға жүгінген. Бұл сигналды алған полиция дереу іздеу жұмыстарын бастады, оған құтқарушылар, кинологтар, ҚР ҰҚК, еріктілер де тартылды. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде, квадрокоптер тартылып, үйді аралау жүргізілуде. Бала тұратын Согра ауылында еріктілер жапсырған парақшаларда оның аутист екені, сөйлемейтіні, эпилепсиямен ауыратыны көрсетілген. Баланың үстінде көк жемпір, камуфляжды шалбар, жасыл тәпшіке болған. Тәртіп сақшылары оның қайда екені жайлы қандай да бір ақпарат білетіндерге полицияға хабар беруін сұрайды.