Жаңалықтар

Таразда велосипед ұрлаған күдікті ұсталды

Таразда велосипед ұрлаған күдікті ұсталды

Тараз қаласы Полиция басқармасына 31 жастағы қала тұрғыны хабарласып, мөлтек аудандардың бірінде кешкі сағат 21:00 шамасында велосипедiнiң ұрланғандығы туралы арызданды. Келтірілген жалпы шығын көлемі 60 мың теңгені құрайды. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 29 жастағы облыс орталығының тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдіктінiң айтуынша, ол ұрланған велосипедті сатып, ақшасына алкогольдік ішімдік алмақшы болған. Ол өз кінәсін толық мойындады. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жалпы, жыл басынан бері облыс бойынша велосипед ұрлығының 65 дерегі тiркелiп, қазіргі уақытта оның 54-i ашылды. Негізінен велосипед ұрлау дерегi көпқабатты үйлердің кiреберiстерiнде, дүкендер мен супермаркеттердің жанында орын алуда. Құрметті, тұрғындар! Жамбыл облысының Полиция департаменті велосипед ұрлығының алдын алу және болдырмау үшін тұрақ ретінде бейнебақылау камералары орнатылған жерлерді таңдауды ескертеді. Сонымен қатар, дөңгелектерін құлыппен бекітіп, гравировкалық таңба қою қажет.