Қант нарығындағы былық: Тергеп-тексеру басталды – Жұманғарин
Қант нарығындағы былық: Тергеп-тексеру басталды – Жұманғарин
Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин қант нарығында монополия орнатуға әрекет еткен компанияны атады.
Министр әкімшіліктен бөлінген 100 млрд-тың зауыттарға бармағанын айтты. Ол шикі қантты сатып алуға, өндіруге ақша берген. Енді ақша берген адам 90 пайыз қантты сатамын деп өзіне алып алған. Бұл деген – бизнес енді. Не болғанын түсінуіміз керек. Мәселе қайдан шықты? Неге айналым схемасына берілген 100 млрд теңге әкімшіліктен бірден зауыттарға бармады? Заңсыздық белгісі бойынша тергеу басталды. Қорытындысын монополияға қарсы мекеме айтуы керек. Ол «КаИс Инвест» деген компания», – деді Серік Жұмағарин.