Мемлекет басшысы Армения Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Армения Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Премьер-министрі Никол Пашинянға және барша армян халқына Еревандағы «Сурмалу» сауда орталығында болған жарылыстан көптеген адамның қаза болуына байланысты жеделхат жолдады. Жеделхатта Мемлекет басшысы қаза тапқан және зардап шеккен азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.