Жаңалықтар

Өткен тәулікте 1169 адам коронавирус жұқтырды

Өткен тәулікте 1169 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1169 жағдай тіркелді. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметінше, оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында — 210, Алматы қаласында — 95, Шымкент қаласында – 11, Ақмола облысында – 87, Ақтөбе облысында – 57, Алматы облысында — 10, Жетісу облысында — 22, Атырау облысында — 44, Шығыс Қазақстан облысында — 28, Абай облысында — 18, Жамбыл облысында — 20, Батыс Қазақстан облысында — 120, Қарағанды облысында — 133, Ұлытау облысында — 42, Қостанай облысында — 72, Қызылорда облысында — 10, Маңғыстау облысында -29, Павлодар облысында — 85, Солтүстік Қазақстан облысында — 69, Түркістан облысында 7 тұрғыннан анықталды. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 380 960 жетті.