Жаңалықтар

Сарыағашта 5 балалы келіншекті қайын атасы мен күйеуі үйінен қуып шықты

Сарыағашта 5 балалы келіншекті қайын атасы мен күйеуі үйінен қуып шықты

Сарыағашта 5 балалы келіншекті бұрыңғы қайын атасы мен күйеуі үйінен қуып шықты. Әлеуметтік желіде Сарыағаш қаласында түсірілген видео * жазба тарап жатыр. Видеоны түсірген келіншек қайын атасының ұрып үйінен қуып жатқанын, заттарын көшеге шығарып тастағанын түсірген. Оқиға орнына тәртіп сақшылары да барған. Аталған жағдай бойынша түсініктеме берген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі «Отбасының Түркістан облысы полиция департаментінің бақылауына алынғанын» жеткізді. «Әйел азаматша бұрынғы күйеуінің үстінен арызданған. Тәртіп сақшылары жинақталған құжаттарды Сарыағаш аудандық әкімшілік мамандандырылған сотына жолдады. Сонымен қатар, әйел қорғау нұсқамасына алынды. Ал, жәбірленуші әйел қайын атасына қатысты полицияға ешқандай арыз-шағым түсірмеген. Егерде, қандай да бір шағымы болса, полицейлер тексеру жүргізіп, заңды шешім қабылдауға дайын», - делінген ақпаратта.