Құны 1 млрд теңгеден асатын тауарлар заңсыз тасымалданған – ҰҚК
Құны 1 млрд теңгеден асатын тауарлар заңсыз тасымалданған – ҰҚК
2023 жылы жалпы құны 1 млрд 390 млн теңгеден асатын тауарды шекарадан асырмақ болғандар ұсталды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі. ҰҚК төмендегі нақты деректерге тоқталды:
- Таразда заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырды деген күдікпен шетел азаматы ұсталды.
- Талдықорғанда полицияның көмегімен 2 қазақстандық ұсталды. Олардан 222 ақбөкен мүйізі тәркіленді.
- Жамбыл облысының Меркі ауылында Қазақстан азаматы ұсталып, оның тұрғылықты жерінен 8 келі есірткі (гашиш) тәркіленді.
- «Жаңажол» (СҚО) және «Қордай» (Жамбыл облысы) өткізу пункттерінде құны 160 млн теңгеден асатын көлік бөлшектері мен электронды темекілерді заңсыз алып өту дерегі анықталды.
Барлық факті бойынша уәкілетті органдар сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді жүргізіп жатыр. Сондай-ақ өткізу пункттерін жаңғырту бойынша жұмыс жүргізілуде. Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін 2023 жылғы 16 қаңтардан бастап Астана әуежайында Q-Gate автоматтандырылған шекаралық бақылау жүйесі пайдалануға берілді. Жүйе Қазақстан азаматтарының төлқұжат деректерін тексереді және заңбұзушылықтар болмағанда оларды дерекқорға автоматты түрде тіркейді.