Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ЖАС ӘКІМ 41-ДЕ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ЖАС ӘКІМ 41-ДЕ

Ranking.kz компаниясы өңір әкімдерінің жасы мен олардың осы қызметте отырған уақытына зерттеу жүргізді деп хабарлайды Baq-orda.  Биылғы 17 қаңтарындағы жағдай бойынша, ҚР өңірлері әкімдерінің орташа жасы 52,7 жасты құрады. Еліміздің ең кәрі әкімі Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысын басқарады. Әкімнің жасы — 68,6-да. Екінші және үшінші орында жаңадан құрылған Жетісу облысын басқарып отырған Бейбіт Исабаев (60,1 жаста) пен Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов (59,7 жаста). Ең жас өңір әкімі — Мұрат Әйтенов (41,2 жаста), ол республикалық маңызы бар Шымкент қаласын басқарады. Жас әкімдердің қатарында сонымен қатар Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов (43,5 жас) пен Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов (44,1 жас) та бар.