Қазақстанда шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталды
Қазақстанда шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталды
Өтінім беру осы жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады. Заңдастыру үшін: Көлік елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген болуы керек; Криминалдық есепте болмауы керек; Басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жерінен есептен шығарылуы керек; Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі қажет. Заңдастыруға рұқсат етілген жағдайда көлікті алғашқы тіркеу құны – 200 000 теңге.