Жаңалықтар

Қостанайда тұрғын үйдің кіреберісінде ер адамның мәйіті табылды

Қостанайда тұрғын үйдің кіреберісінде ер адамның мәйіті табылды

Қостанай қаласындағы 8-шығын ауданда орналасқан №11 көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінде ер адамның мәйіті табылды. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сараптамалар тағайындалды. Жәбірленушінің жеке басы анықталды. Ол тұрғылықты жері жоқ 51 жастағы ер адам болып шықты. «8-шағын ауданда орналасқан №11 көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберісінде ер адамның денесі табылды. 10-қабаттың баспалдағында қоқыс жанып жатқаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер тұрғын үйге барғанда полицияға 9 бен 10-қабаттың баспалдағында өртенген ер адамның мәйітінің жатқанын хабарлады», –  делінген хабарламада.