Жаңалықтар

Жер бетіндегі ең үлкен тұрғын 115 жаста

Жер бетіндегі ең үлкен тұрғын 115 жаста

118 жастағы француз монахы Андре қайтыс болғаннан кейін, планетаның ең жасы үлкен тұрғыны мәртебесін Испания тұрғыны Мария Браньяс Морера алды. Соңғы 22 жылда әйел қарттар үйінде тұрады. Егде жастағы рекордшының Twitter-де блогы бар. Ол жерде өзінің өмір жолынан естеліктермен және даналыққа толы ойларымен бөліседі. Өзінің ұзақ өмір сүруінің себебін тыныштық, отбасымен және достарымен жақсы қарым-қатынас, табиғатты аялау, эмоционалды тұрақтылық, уайым мен өкініштің болмауы, позитивті өмір сүру және жағымсыз ойлы адамдардан аулақ болу, сәттілік пен жақсы генетика деп түсіндіреді. Мария Браньяс Морера екі бірдей дүниежүзілік соғысты бастан кешкен. Испаниядағы азаматтық соғыстан, испан тұмауының пандемиясынан және коронавирус ауруынан аман қалды. Жер бетіндегі ең қарт адамның үш баласы, 11 немересі және 13 шөбересі бар.