Мұхамедиұлының ісі: ҚР Ұлттық музейі директорының бұрынғы орынбасары ұсталды
Мұхамедиұлының ісі: ҚР Ұлттық музейі директорының бұрынғы орынбасары ұсталды
Агенттік таратқан ақпаратқа сүйенсек, жүргізіліп жатқан тергеу аясында Арыстанбек Мұхамедиұлымен және басқалармен сөз байласып, «Әлем мұражайлары бойынша Алтын адамның шеруі» халықаралық көрмесінің жобасын іске асыру кезінде 221 миллион теңге сомасында сеніп тапсырылған бюджет қаражатын ұрлауға қатысқан «ҚР Ұлттық мұражайы» РМҚК директорының бұрынғы орынбасары Алмас Нұразхан ұсталды. Ол 2 айға қамауға алынды. Дереккөз: Sputnik.kz