Жаңалықтар

“Мүгедек болып қалды”: Астанада борышын өтеп жүрген Ұлттық ұлан сарбазы өз анасын танымай қалған

“Мүгедек болып қалды”: Астанада борышын өтеп жүрген Ұлттық ұлан сарбазы өз анасын танымай қалған

Астанадағы Ұлттық ұлан әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген сарбаз ауруханаға түсіп, туған анасын танымай қалған, деп хабарлайды Бақ-орда  “Адырна” ұлттық порталына сілтеме жасап.

КТК арнасының хабарлауынша, Дина Жүсіпова ұлының оған сенбейтінін айтады. Сондықтан не болғанын ашып түсіндірмейді екен.

Сарбаз ауруханаға жексенбі күні түскен, сол күні-ақ ата-анасына оның жағдайы туралы ескертіліпті. Дина Жүсіпова Астанаға дүйсенбі күні келгенімен, ұлын тек кешке ғана көріпті. Сөзінше, дәрігерлер ұлына не болғанын білмейді. 

Әскери бөлімде сарбаздың кешкі астан кейін баспалдақпен көтеріліп келе жатып есінен танғанын айтады. Ұрып-соғу дерегін жоққа шығарып отыр. Бөлім командирінің орынбасары сарбазға "талма синдромы" қойылғанын мәлімдеді.