Мектептегі кикілжің: Түркістан облысында мұғалім сірке суын ішіп, өзіне қол салмақ болды
Мектептегі кикілжің: Түркістан облысында мұғалім сірке суын ішіп, өзіне қол салмақ болды
Оқиға 20 қаңтарда Сарыағаш ауданында болған. Полицейлердің айтуынша, ол әріптестерімен арада болған кикілжіңге бола осындай әрекетке барған. Жәбірленуші полицияға берген арызында «әріптестерім намысыма тиді» деп жазған. Оның ауыз қуысы күйіп, созылмалы бүйрек ауруы өршіген. Дәрігерлер науқастың қазіргі жағдайы тұрақты дейді. Қазіргі таңда тергеу жүргізіліп жатыр.