Жаңалықтар

Түркістан облысында ер адам 15 жастағы мектеп оқушысын үйлену үшін 600 мың теңгеге сатып алған

Түркістан облысында ер адам 15 жастағы мектеп оқушысын үйлену үшін 600 мың теңгеге сатып алған

Бұл туралы НеМолчи қорының басшысы, қоғам белсендісі Дина Таңсәрі айтты.⠀Оның сөзінше, ер адам мектеп оқушысын ұрлап, анасына қалың мал ретінде 600 мың теңге төлеген. Қыздың әкесі полицияға арызданған. Оның сөзінше, ол әйелімен ажырасып кеткен, бірақ алимент төлеп тұрған. Әкесі 2022 жылдың соңында әлдекім қызын алып қашып, Жетісай ауданына алып кеткенін, артынша беташар жасалғанын айтады. Бұл туралы 15 жастағы оқушы қыздың әкесі әлеуметтік желі арқылы білген. Ер адамның сөзінше, қызы бұл некеге қарсы болған.⠀Әкесі адамды ұрлап алып кеткендер қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.⠀Одан бөлек, 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу де қылмыстық жауапкершілік. Бұл жағдайды жай алып қашу деп қарай салуға болмайды, себебі мен өз келісімімді берген жоқпын. Сондықтан қылмыс дерегі расталады. Сонымен қатар, 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу де қылмыс, себебі бұл некеге мен өз рұқсатымды берген емеспін, бермеймін де. Себебі қызым небәрі 15 жаста және өздігінен шешім қабылдай алмайды. Сондықтан бұл жерде де қылмыс дәлелденіп отыр, — дейді оқушының әкесі.