Жаңалықтар

«1-2% өсім жетістік пе?»: Инвестиция тартуда көш соңында қалған әкімдер сынға ілікті

«1-2% өсім жетістік пе?»: Инвестиция тартуда көш соңында қалған әкімдер сынға ілікті

Үкімет басшысы Инвестициялық штабтың отырысында бірнеше өңір әкімінің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Бақ-орда Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. Жиында белгілі болғандай, 2022 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі жөнінен өңірлер арасында Ұлытау (75,6%), Атырау (84,2%) және Жамбыл (86,5%) облыстары аутсайдер болып отыр. Әлихан Смайылов Ұлытау облысында құны 27,1 млрд теңге болатын бес ірі жоба іске аспай қалғанын атап өтті.

Үкімет басшысы Атырау облысында да өңірдің зор әлеуеті мен қорлары толық іске қосылмағанын атап өтті.

Сонымен қатар Премьер-Министр Жамбыл облысында салынған инвестициялардың үштен бірі бюджет қаражаты есебінен болғанын атап өтті.

Жалпы Әлихан Смайылов инвестиция тартуда көш соңында қалған облыс әкімдіктерінің жұмысын сынға алды.