19 млн халқы бар мемлекеттің білімі мен ғылымына 2 министрлік артық – А.Ахметжанұлы

0 9

«19 млн халқы бар мемлекеттің білімі мен ғылымына 2 министрлік артық» «QazBilim» жобаларының негізін қалаушы, тіл жанашыры Аятжан Ахметжанұлы «Желмая» хабарына берген сұхбатында осылай деп пікір білдірді.

«Біз қаншалықты екі министрлікке мұқтаж мемлекетпіз? Мысалға, Ресей немесе Түркия елін алайық. Оқушысының саны 10 млннан асады. Ал, бізде 3 млн оқушы бар. Жалпы біздегі Білім және ғылым министрлігі деген ведомстваның қамтитын ауқымы- оқушы, студент, колледжді қосқан кезде 7 млнға жетпейді. Ал, 7 млн білім алушы үшін министрлікті 2-ге бөлу бюрократияны көбейтеді. Екіншіден,мысал келтірер бір дүние бар. Мәселен, Ресей халқы – 150 млн, Түркияда -80 млн адам бар .Ал, Қазақстан небәрі 19 млн халқы бар мемлекетпіз. 19 млн халқы бар мемлекеттің білімі мен ғылымына 2 министрлік артық деп ойлаймын »-деді ол берген сұхбатында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.