«Өлімнен ұят күшті…». Мұхамедиұлы соттағы соңғы сөзін айтты
«Өлімнен ұят күшті…». Мұхамедиұлы соттағы соңғы сөзін айтты
Ұлттық музейдің экс-директоры өзіне тағылған айыпты мойындаудан үзілді-кесілді бас тартты
деп хабарлайды Dalanews.kz. Оның айтуынша айыптың дерлігі ойдан шығарылған, «сот барысында ақша жымқыру фактісі бойынша бірде-бір дәлел келтірілмеген». «Аса құрметті сот! Қазақта «өлімнен ұят күшті» деген тамаша мақал бар. Мен кез келген жазаға, тіпті өлім жазасына да келісемін, бірақ ақша жымқырған жоқпын. Бұл жала, – деді Мұхамедиұлы сотта. Бұрынғы министрге Астанадағы Ұлттық музейдің директоры болып тұрған кезінде «бюджет қаражатын ысырап етті» деген айып тағылды. Сот сәуір айында басталған. Бір күн бұрын прокурор Мұхамедиұлын 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.