Жаңалықтар

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті

Жиында еліміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды. ✔️Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы бірқатар жауапты мемлекеттік орган басшыларының баяндамасын тыңдады. ▪️Қауіпсіздік Кеңесі Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен басқа да әскерлерін, әскери құралымдарын қару-жарақпен қайта жарақтау және қорғаныс өнеркәсібі кешенінің 2030 жылға дейінгі даму тұжырымдамасының жобасын қарастырды. ▪️Қорғаныс өнеркәсібі, мемлекеттік қорғаныс саласындағы тапсырыс, қару-жарақ пен әскери техника айналымы, қорғаныс нысандары инфрақұрылымын дамыту салаларындағы жекелеген мәселелер жөнінде жүйелі шаралар әзірленді. ❗️Жиын қорытындысы бойынша Президент мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.