Қазақстанда емшілік дәстүрлі медицинамен теңестіріле ме – министрлік жауабы
Қазақстанда емшілік дәстүрлі медицинамен теңестіріле ме – министрлік жауабы
Қазнетте ҚР Денсаулық сақтау министрлігі емшілікті медицина деп тануды жоспарлап отырғанын дәлелдейді делінген құжаттың скриншоты тарады. Ведомство өкілдері бұл ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап. Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, таралған скриншот 2019-2021 жылдары Дүниежүзілік банк жобасы аясында әзірленген «Дәстүрлі медицина. Емшілік» кәсіби стандартының жобалық алғашқы түрінен жасалған. Қазіргі уақытта құжат талқылану үстінде. Жоба бекітілген соң Ашық НҚА порталына орналастырылады. Аталған жоба 50-ден астам мамандыққа арналған кәсіби стандартты қамтиды.
, – деп түсіндірді министрліктің баспасөз қызметінің өкілдері. Демек, Қазақстанда емшілік медицинамен теңестірілмейді. Елімізде адамдарға зиян келтірмеу үшін емшілер сәйкес болуға тиіс белгілі бір нормалар әзірленіп жатыр.