Жаңалықтар

Қордайда шенеуніктің ағалары малшыны жабылып сабаған

Қордайда шенеуніктің ағалары малшыны жабылып сабаған

Жамбыл облысы Қордай ауданында әкім орынбасарының үш ағасы малшыны соққыға жыққан, деп хабарлайды БақОрда порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратты Жамбыл облысының әкімдігі растады.

Облыстық полицияның мәліметінше тергеу жүріп жатыр.

Әлеуметтік желідегі ақпаратта шопан мал иелерінен жалақысын төлеуді сұраған. Алайда әкім орынбасары мен ағайындары шопанды аяусыз ұрып тастаған. Олар шопанға бір жылдық еңбегі үшін 1 миллион теңге және бір жылқы төлеу керек болған.