Жаңалықтар

eGov Mobile қосымшасында колледж дипломы пайда болды

eGov Mobile қосымшасында колледж дипломы пайда болды

Бұл құжат арнаулы орта білімнің бар екендігін куәландырады. eGov Mobile мобильді қосымшасында жаңа цифрлық құжат – "Колледж дипломы" пайда болды, деп жазады БақОрда  inbusiness.kz. сайтына сілтеме жасап.

Цифрлық құжатты қолдану үшін eGov mobile қосымшасының басты бетінде "Цифрлық құжаттар" сервисін таңдау керек. Пайдаланушы құжатпен QR код немесе 6 таңбалы код арқылы бөлісе алады. Цифрлық құжат түпнұсқа құжаттың аналогы болып есептелінеді. Бүгінгі таңда "Цифрлық құжаттар" сервисінде 27 құжат бар. Оның ішінде жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, ҚР азаматының паспорты және т.б.