Макронға келген поштада адам саусағы табылды
Макронға келген поштада адам саусағы табылды
Оқиға Бастилия күніне бірер күн қалғанда болды. Франция президентіне Елисей сарайына конвертте адамның кесілген саусағы жіберілді, деп хабарлайды inbusiness.kz valeursactuelles.com сайтына сілтеме жасай отырып. Оқиға француз басылымының мәліметі бойынша 9-10 шілдеде болды. Бастапқыда "сәлемдеме" уақытша күзетшілер тамақтарын сақтайтын тоңазытқышқа қойылды. Бұл істі тергеу жұмыстарына қатысатын дереккөз журналистерге хабарлағандай, жіберілген саусақтың иесінің жеке басы анықталды. Қазір мемлекеттік органдар оның денсаулық жағдайын анықтауда. Франция президентінің баспасөз қызметі жергілікті журналистерге ресми түсініктеме берген жоқ.