«200 млн теңге»: Бағлан Әбдірайымов фильм түсіріп, актерлерге қарыз боп қалған

0 17

Әнші Бағлан Әбдірайымов фильм түсіремін деп қарызға кіріп кеткенін айтты, деп хабарлайды Бақ-Орда  El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Әнші Nege.kz сайтына берген сұхбатында Qaryz атты фильм жарыққа шығатынын айтты.

Шыны керек, қызық қылғанда бұл жолы қарызға кіріп кеттік. Түсіру тобы мен түскен актерлерге қарыз болып қалдым. Себебі, түсірілім сағаты созылып, таспалау жұмысы 38 күнге созылды. Одан бөлек үш күндік қосымша түсірілім процесі бар. Ең алғашқы күні таспаланған кадрлер өшіп қалып, қайтадан түсіру қажет болды. Мұның барлығы қосымша шығынды талап ететін жұмыстар, – деді әнші.

Сонымен қатар Бағлан Әбдірайымов түсірілім жұмыстарына өзі ойлаған қаражаттан артық жұмсағанын айтты.

Сөйтіп, 140 млн теңгеге түсіреміз деп межелеген туындының жарнамамен қосқандағы толық бюджеті 200 млн теңгеге жетті. Дегенмен көңілім тоқ. Себебі, мұндай фильмді қазіргі таңда ешкім түсірмеді деп топшылаймын. Өйткені, біз кино заңдылықтарын бұзбадық. Режиссердің талабы бойынша жеңіл-желпіге жол бермедік, – деді Бағлан Әбдірайымов.

Айта кетейік, әнші біраз уақыт бұрын басынан өткен оқиғаға негізделіп түсірілген Zero фильмін көпшілікке ұсынған еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.