Көлік полициясы Жамбыл облысындағы ірі рельс ұрлығын жасырып келген
Көлік полициясы Жамбыл облысындағы ірі рельс ұрлығын жасырып келген
Бас көлік прокуратураның үйлестіруімен Көліктегі полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және Өзіндік қауіпсіздік басқармалары темір жолдардың жай-күйін жақсартуға арналған материалдарды ұрлауды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ Қарағанды бөлімшесінде мұндай тауарларды аса ірі көлемде иемдену фактісімен қатар Жамбыл өңірінде адамдардар тобымен тағы бір ұрлық анықталды. Бұл учаскіде жалпы сомасы 5 млн теңгеден астам шығынмен барлығы 17 эпизод тіркелген. Тергеудің пікірінше, осы тізімдегі 13 ұрлық «Тараз» станциясындағы көліктегі полицияның лауазымды тұлғаларымен есепке алудан жасырылған. Көбінесе қолданыстағы теміржол желілерінің 5 мыңнан астам «ФОССЛО» бекіткіштері ұрланған. Бұл негізгі бөлшектер рельстерді мықтап бекітуге және жоғары жылдамдықты қозғалыстың қауіпсіздігін қамамасыз етуге арналған. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялануға жатпайды.