2024 жылдан бастап электр энергиясының тарифі қымбаттайды

0 32
Энергетика министрлігі электр энергиясының шекті тарифтеріне өзгерістер дайындады, деп хабарлайды Бақ-Орда Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Осылайша, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап энергия өндіруші компаниялардың 55-тен 31 тобы үшін электр энергиясының шекті тарифтерін арттыру жоспарлануда.

Атап айтқанда, тарифтер:

  • бірінші топ (Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1) – кВт/сағ үшін 7,32 теңгеден 8,05 теңгеге дейін;
  • үшінші топ (Екібастұз ГРЭС-2 станциясы) – кВт/сағ үшін 11,20-дан 11,76 теңгеге дейін;
  • алтыншы топ (Қарағанды ​​Энергоцентр) – кВт/сағ үшін 12,64 теңгеден 13,65 теңгеге дейін;
  • 18-топ (Степногор ЖЭО) – кВт/сағ үшін 16,40-тан 22,58 теңгеге дейін;
  • 26-топ (“Алматы электр станциялары” ЖЭО-1,2,3, Қапшағай су электр стансасы, Каскад СЭС) – кВт/сағ 14,02-ден 17,82 теңгеге дейін;
  • 33-топ (Шүлбі СЭС-і) – кВт/сағ үшін 3,67 теңгеден 4,14 теңгеге дейін;
  • 41-топ (Таразэнергоцентр) – кВт/сағ 12,15-тен 14,29 теңгеге дейін.

Бұған дейін тізімге еліміздің аймақтары бойынша энергия өндіруші компаниялардың 50 тобы кірсе, жаңа тізімге тағы 5 топ қосылды.

Энергетика министрлігі түсіндіргендей, тарифтерді түзету энергия өндіруші ұйымдардан тәуелсіз шығындардың өсуімен байланысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.