Жаңа оқу жылына дайындық үшін әр балаға 40 мың теңге беріледі
Жаңа оқу жылына дайындық үшін әр балаға 40 мың теңге беріледі
Биыл аз қамтылған отбасылар мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алу үшін бір балаға кемінде 40 мың теңгеден алатын болады. Барлығы 500 мыңға жуық балаға осындай көмек көрсетіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты. «1 қыркүйектен бастап барлық бастауыш сынып оқушысы, яғни шамамен 1,5 млн бала тегін тамақпен қамтылатынын атап өту керек. Балаларды мектепке тасу үшін биыл 500-ден аса жаңа автобус сатып алынды», - деді Үкімет басшысы. Жаңа оқу жылында 7,7 мың білім беру ұйымында 3,9 млн бала білім алады. Олардың 364 мыңы – бірінші сынып оқушылары.