Жаңалықтар

Жасөспірім санасына теріс әсер ететін ақпараты бар 12 мыңнан астам шетелдік сайт анықталды

Жасөспірім санасына теріс әсер ететін ақпараты бар 12 мыңнан астам шетелдік сайт анықталды

Жыл басынан бері жастардың санасына теріс әсер ететін 12 мыңнан астам шетелдік интернет-ресурс анықталды. Мұндай деректерді Ішкі істер министрлігінде өткен брифингіде Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Лейла Әліпбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Әрине, әлеуметтік желілер балалардың моральдық және рухани дамуына теріс әсер ететінін де жоққа шығаруға болмайды. Балалар интернетте пайдалы ақпаратпен қатар, теріс пиғылды мәліметтер бар екенін түсінуі керек. Биыл Ішкі істер министрлігі өз құзыреті шегінде 12 мыңнан астам шетелдік заңсыз интернет-ресурсты анықтады. Ол ресурстар туралы деректер бұғаттау үшін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Кибернадзор» ақпараттық жүйесіне енгізілді. Оның ішінде бүгінде 2 708 сайт бұғатталды», - деді Лейла Әліпбаева ведомствоның баспасөз алаңында өткен брифингіде. Сонымен бірге аға инспектор биыл жасөспірімдер жасаған қылмыстар саны 11 пайызға өскенін атап өтті.