Жамбыл облысының 6 ауданында төтенше жағдай жарияланды
Жамбыл облысының 6 ауданында төтенше жағдай жарияланды
Премьер-Министрдің өкімімен Жамбыл облысы Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Тұрар Рысқұлов және Талас аудандарында қалыптасқан өңірлік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Аталған аудандарында ауа райының қалыптан тыс ыстық болуы және судың тапшылығы салдарынан шаруалар шығынға батып, оны өтеуге Үкіметтің төтенше резервінен қаражат бөлу мәселесі шешіліп жатыр.