Мектептегі буллингпен күресте Финляндияның KiVa бағдарламасы қолданылмақ
Мектептегі буллингпен күресте Финляндияның KiVa бағдарламасы қолданылмақ
Мектептегі буллингпен күресте Финляндияның KiVa бағдарламасы қолданылмақ. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Мемлекет басшысы Жолдауда балаларға қарсы жасалатын қылмыстарға, буллингке жол бермеу туралы баса айтты. Соған байланысты Оқу-ағарту министрлігі буллингке жол бермеу бағытында халықаралық тәжірибелерді зерделеді. Әсіресе, буллингті төмендету бағытында финн тәжірибесін қарастырып отырмыз. Бұл елде KiVa деген бағдарлама қабылданған. Аталған бағдарлама 10 жылдың ішінде финн мемлекетінде буллингтің бірнеше есе азаюына септігін тигізген. Сол бағдарламаны да өзіміздің білім саласында қолдануды жоспарлап отырмыз», - деді Ғани Бейсембаев. Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жария етті. Онда Президент зорлық-зомбылыққа және қысымға, яғни буллингке тап болғандарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеу керектігін айтқан еді.