Президент 4 министрді қызметтерінен босатты
Президент 4 министрді қызметтерінен босатты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 министрді қызметтерінен босатты, деп хабарлайды Бақ Орда Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысының жарлықтарымен: Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымынан босатылды; Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылды; Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымынан босатылды; Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысының Жарлығымен, жаңадан 5 министрлік құрылды.