Қоғам

Елдос Қоспаев пен оның тобындағы жеті адам Солтүстік Кипрден Қазақстанға жеткізілді

Елдос Қоспаев пен оның тобындағы жеті адам Солтүстік Кипрден Қазақстанға жеткізілді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2023 жылғы 6 қыркүйекте жүзеге асырған операциясының қорытындысы бойынша Солтүстік Кипрден Қазақстанға Елдос Коспаев және ол бастаған қылмыстық топтың 7 мүшесі жеткізілді. Аталған адамдарды бұған дейін рейдерлік жасады, ұйымдасқан қылмыстық топты құрды және оған қатысты деген күдікпен халықаралық іздестіруге жариялаған болатын. Тергеу мәліметтері бойынша, оның мүшелері қорқыту және зорлық-зомбылық жасау арқылы кәсіпкерлердің мүлкін, олардың компаниялардағы үлестерін тартып алған, сондай-ақ көлеңкелі бизнеспен айналысқан. Дереккөз: Ұлыс медиа ақпарат порталынан