Жаңалықтар

Сапалы білім беру – болашақтың кепілі

Сапалы білім беру – болашақтың кепілі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа арнаған Жолдауы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Әрине, барлық бағыттардың дамуы ел тағдыры үшін маңызды. Осылайша бұл құжат еліміздің өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетті.

Ел Президенті өз Жолдауында қарапайым еңбек адамының, зейнеткерлердің, мемлекеттік қызметкерлер мен білім-ғылым саласындағы еңбек етіп жүрген ғалымдардың, қала берді мемлекеттік басшылықта отырған депутаттар мен министрлердің, құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің әрқайсысының міндетін, қызметіндегі өзгерістер мен жаңалықтарды санамалап айтып өтті. Әсіресе соңғы уақыт көлемінде денсаулық саласы қызметкерлерінің еңбегінің бағалануы керектігін, оларға тиісті әлеуметтік көмектің тағайындалуын тапсырды. Себебі пандемия уақытында алдыңғы шепте ауыр дертпен күрескен ақ халатты абзал жандар екені баршамызға белгілі. Қандай заман, қай қоғам болмасын білім алуды ешқашан шетке ысырып қойған емес. Қазіргі қоғам – білімді жастардың қоғамы. Ел дамуындағы барлық маңызды деген мәселелерді атап айтып, шешу жолдарын ұсына келе, ел Президенті өз Жолдауындағы бесінші мәселе ретінде білім беру саласына тоқталды. Құнды құжатта Мемлекет басшысы дәстүрлі жүйе бойынша білім алуға барынша жағдай жасауды жүктеді. Әрбір оқушы мен ұстаздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолын ескере отырып, дәстүрлі жүйеде білім беруге дайындық жұмыстарын жүргізуді де атап айтты. Қашықтан білім беру жүйесінде де барынша дамытылған онлайн білім беру платформаның әзірлеу керектігін тілге тиек етіп, басты назарды жасөспірімдердің спорт пен шығармашылық тұрғыда білім алуына жағдай жасауға жұмсауды тапсырды. Әрбір жас бүлдіршінге мектепке дейінгі оқу-тәрбие берілуі керектігін, балабақшалар мен мектепке дейінгі білім беру орындарын көбейту үшін жұмыс жасауды, білімді ұрпақтың ел болашағы екенін еске салды. Сонымен қатар Президентіміз жылдағы Жолдауында атап айтатын тағы бір мәселе ұстаздардың еңбекақысы жайлы болды. Еліміздің дамуы мен жаңаруы жолында бар күш-жігерімізді сала отырып, еңбек ету біздің басты парызымыз деп санаймын. Ел Президенті өз Жолдауының түйінін ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының: «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек», – деген даналық сөзімен бекітті. Қазіргідей жаңарған жаңа заманда еліміздің әрбір азаматы жоғары білім мен табанды еңбектің нәтижесінде ғана биік белестерден көрінетінін ашық жеткізді. Сол арқылы ел азаматтарын, Отанымыздың алдында адал қызмет етуге, абыройлы іс жасауға, терең білім алуға шақырды. Президент Жолдауын аналар қауымы да зор ықыласпен тыңдап, толғаныспен қабылдады. Әсіресе «Аңсаған сәби» бағытында әр шаңыраққа шаттық сыйлар бала сүю бақытына қол жеткізуге қолдау, балаларды қорғау, оларды кез келген зорлық-зомбылықтан қорғау ең өзекті мәселелердің бірі екенін, «Отбасы банкі» арқылы баспанаға қол жеткізуді субсидиялау, денсаулық, жер-су, экологиялық тазалық сияқты көптеген әлеуметтік салаларды дамытуға бағытталған жұмыс жоспарлары көңілден шықты. Сондай-ақ Президент асыраушы сала – ауыл шаруашылығын дамытуға айрықша басымдық беруді тапсырды. Сонымен қатар «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы жалғасатыны, аймақтардың дамуына еркіндік беру, тұрғындардың ұсыныстарын қабылдау, ұрпақ тәрбиесінде білім сапасы мен ғылымға бет бұру өте бір жаңа бағыттар болды. Ал енді банк қызметі, үш тағанды сот, прокуратура, полиция жұмысы, медиацияның ұлттық сипаты және мемлекеттік қызметшілерге жасалатын іріктеу-қысқарту реформалары өте тиімді шешім болды деп ойлаймын. Себебі саны көп, сапасы аз қызметшілерден гөрі аз болса да сапалы білікті кадрлар жұмыс істесе, болашақтағы сыбайлас жемқорлықсыз қызмет пен қоғамның дамуына оң нәтижесін беретініне сенім мол. «Адам баласы бір-бірінен ақыл, білім, ар мінез деген қасиеттерімен озады» деп ойшыл Абай айтқандай, Президент Жолдауындағы әр тарау ойға қонымды. Өйткені терең білім, темірдей тәртіп, әділдік, адалдық, ысырапшылдыққа жол бермеу, бөстекі есептік тағы басқа азаматтық ұстанымға тән адами қырлар – баршамыздың ұрпақ тәрбиесіндегі басты ұстанымымыз. Сондықтан әр буынның маңдайындағы әртүрлі сынақтарға қарамастан, күрделі міндет үдесінен шығу үлкен жауапкершілік жүктейді. Президенттің ел дамуы жолында жасалатын қадамдарды қадап тұрып айтуы жұртшылықтың көңілінен шықты. Бір сөзбен айтқанда, Жолдау өзіндік нақтылығымен, ұғынықтылығымен ерекшеленді. Осыған дейін қабылданған маңызды мемлекеттік бағдарламалар мен саяси құжаттардың жалғасы болып табылатын бұл жолғы Жолдау ұстаздар мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне де ерекше екпін берді. Президент мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту жайына кеңінен тоқтала келіп, баға тұрақсыздығына сын айтты. Жергілікті билік қызметінің тиімділігін тікелей бағалау бастамасын көтерді. Ауыл әкімдерін сайлау арқылы анықтайтын кездің де келіп жеткенін жеткізді. Бүгінде бұл бастама да оңынан жүзеге асып, жергілікті ауыл әкімдері халықтың тікелей сайлауымен билікке келуде. Біз осы Жолдау міндеттері орындалып, қазақстандықтардың тұрмыс сапасын арттыру, кәсіпкерлікті қолдау, инфрақұрылымды дамыту, баспана мәселесін шешу сынды тегеурінді басымдықтар жүзеге асқан жағдайда елдің тұрмысы түзеліп, жағдайымыздың жақсаратынына сенеміз. Жолдау болашағымыздың іргесін нықтауға міндеттейді. Ендеше, қуатты Қазақстанды бірге құрып, елдің әл-ауқатын жақсарту жолында жемісті жұмыс істеп, ерінбей еңбектенейік. Саяси құжатта Президентіміз жаһандық пандемия жағдайында алдыңғы сапта тынымсыз еңбек еткен мамандарға алғыс айтты. Сондай-ақ басты міндеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақталықты сақтауға бағытталатынын атап өтті. Мемлекет басшысы Жолдауда «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны» негізгі бағдар етіп, ұстануымыз қажеттігіне де айрықша тоқталды. Қоғамда көптен бері талқыланып келе жатқан жерге байланысты жеріміздің шетелдіктерге сатылмайтынын мәлімдеп, ел Үкіметіне ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін әзірлеу бойынша нақты тапсырма берді. Мемлекет басшысы Қазақстанның экономикалық бағыты 7 негізге сүйену керектігін меңзеп, экономика халықтың әл-ауқатын жақсартуға жұмыс істеуі тиістігіне тоқталды. Президентінің айтуынша, игілік пен міндетті тең бөлу, жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі, жаңа кәсіпкерлерге арналған нарықты қалыптастырып, әділ бәсекелестікке жағдай жасау негізгі бағыттар қатарында болмақ. Сонымен қатар өндірісті арттыру, күрделі әрі технологиялық экономикаға иек арту, адам капиталын дамытып, инвестиция мен білімнің жаңа түрін қалыптастыру, экономиканы жасылдандырып, қоршаған ортаны қорғау, мемлекеттің өркендеуге негізделген шешімдер қабылдап, қоғам алдында сол үшін жауап беруін қамтамасыз ету басты басымдықтар қатарына кіреді. Қоғамда қордаланған түйткілді жайттар мен олардың шешу жолдары туралы айтқан Президентіміз барлық саладағы түйіндердің жүйелі тарқалатынын жеткізді. Мемлекет басшысының: «Ішкі жалпы өнімнің абстрактілі өсімімен жұртты қуанта алмаймыз. Халыққа тұрақты жұмыс орындары, қолайлы жол, ауруханалар мен мектептер, сапалы азық-түлік керек. Экономикалық реформалар азаматтардың табысын арттырып, тұрмыс сапасының жоғары стандартын қамтамасыз еткенде ғана өзін-өзі ақтап, қолдауға ие болады. Осыны әрдайым есте ұстауымыз қажет», – деген сөзі осыны айғақтайды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы бір Жолдауы нақты қай салада еңбек өнімділігін арттыру керек екенін айқындап берді. Ең басты сала – ауыл шаруашылығы. Агросалада елімізде мамандар тапшылығы сезілуде. Заман талабы көрсеткендей, елімізде Қоғамдық мониторинг саласын қолға алу керек. Сондай-ақ барлық деңгейдегі әкімдіктер жанынан ұлттық кеңес ашылуы қажет. Ол біріншіден жергілікті бюджетті қай салаға басымдық беру керек екенін айқындайды және қадағалау мақсатында өте қолайлы болмақ. Жалпы елімізде мұғалімдер мен дәрігерлерді қолдау мақсатында 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап ұстаздар мен дәрігерлердің жалақысы 25 пайызға артып келеді. Президент құжатта 2025 жылға дейін елімізде заманауи жаңа 20 аурухана салуды тапсырды. Жалпы бұл Жолдау дағдарыстан алып шығатын айқын басымдықтарды нақты көрсетті. Қасым-Жомарт Кемелұлы өз Жолдауында экономиканың өсуіне қатысты бірінші кезектегі басымдықтарды белгіледі. Ол ел экономикасын қалпына келтіру, саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы реформаларды жалғастыру мәселелеріне тоқталды. Жолдау халық пен елдің ең маңызды, өзекті проблемаларына жауап беретін ерекше мәнге ие болды. Президент елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын әлеуметтік әділеттілік, тиімділік және бәсекеге қабілеттілік басымдықтарына негізделген сапалы жаңа вектор мен дамудың жаңа қағидаттарына шығару жөніндегі іс-қимылдың тұтас стратегиясын белгіледі. Жолдау Қазақстанның тыныс-тіршілігінің негізгі салаларын реформалаудың барлық басты бағыттары бойынша нақты тапсырмаларды қамтиды. Сондай-ақ бұл құжатта Президент ғылым саласын дамытуға ерекше назар аударғанын байқауға болады. Үкіметке әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін және «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 грант бөлуді тапсырды. Осылайша Президентіміз ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артып отыр. Сондықтан ел азаматтарына алдағы келе жатқан реформаларға дайын болып, күш-жігерін аямай, еңбек етуге шақырды. Қоғам болып интернет бетінен үңілуден аспайтын жастарымызды еңбекке баулу, спорттық үйірмелер, клубтар ұйымдастыруды, қолжетімді сапалы білім, онлайн оқу жүйесін жөнге келтіру, елді мекендегі дәрігерлік фельдшерлік мекемелердің халыққа сапалы қызмет көрсетуі де құнды құжатта көрініс тапты. Еліміздегі белең алған жемқорлықпен күресті талдай келе, жалғыз ғана ішкі істер мекемесінің қызметкерлері ғана емес, бұған өзін осы елдің азаматы санайтын кез келген адам үлес қосуы қажеттігін қадап айтты. Бұған қоса адам құқығының аяққа басылмауын, оны тиісті заңға сəйкестендіре отырып шешілетін əр іске мұқият қарауларын, сонымен бірге сотқа барған əр істерде шикіліктің көп екенін, сот шешімін аяқ астында шығара салатынын жасырмады. – Бүгінде мемлекеттік органдар мақсаттарды жүзеге асыру үшін тиісті жұмыстар жүргізуде. Мен халыққа берілген уәделерді міндетті түрде орындаймын. Біздің жұмысымызда бес институционалдық реформа мен Ұлт жоспарын толық іске асыру қажеттілігін негізге алған жөн, – деп өз ойын жеткізген Президентіміз мемлекетіміз бен халқымыздың мүдделерін ескере отырып, бастамалар біртіндеп және ұдайы жүзеге асырылатынын да атап көрсетті. Қай тармағын алып қарасақ та, Жолдауда мемлекетімізде жүйелі саясаттың болуы жөніндегі мақсат-міндеттер маңызды орын алған. Жүйесіз саясаттың ішкі саяси жағдайдың тұрақсыздануына және тіпті мемлекеттіліктің жоғалуына әкелетінін де айта кеткен. Сондықтан біз саяси реформалардың дәйекті, табанды және ойластырылған түрде жүзеге асырылуына атсалысуымыз керек. Бәсекеге төтеп бере алатын ел болу мақсатының алғышарттары мен оған қажетті білімді, ғылымды жетілдіру мәселесі Президент Жолдауында толық айқындалған. Жолдауда көрсетілген ел экономикасын және ел басқаруды түбегейлі өзгертудің қажеттілігін өмірдің өзі талап еткендігін айта келе, Президент біздің болашақ дамуымыз жан-жақты сарапталған өзгерістер жасауға байланысты деп көрсетті. Жаһанды жайлаған пандемия мен қаржылық дағдарыс біздің әлсіз жақтарымызды ашық көрсетті. Жолдауда соның орнын толтыруды ұсына отырып Президент жас ұрпақтың оқуына, үздіксіз білім алу және ғылым саласында жетістіктерге жетуіне барлық жағдайды жасаудың маңыздылығына ерекше тоқталды. ХХ ғасырдың басында Алаш зиялылары Ресей империялық-отаршыл үкіметінің өзіне де петиция жазып, талай іргелі ұсыныстар жасап, сол кездегі Думада қазақтың жер, оқу, дін т.б. стратегиялық мәселелерін дұрыс талқылауға қол жеткізген еді. Осы орайда Президенттің «Халықтың петиция жазу арқылы маңызды ұлттық шешімдер қабылдауда тікелей атсалысуы қажет» деген пікірін өте дұрыс деп санаймын. Себебі тарихтан тағылым алу тек жақсы нәтижеге жеткізеді. Президентіміз өзінің Жолдауында көп жағдайда даулы мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін халықпен тиімді кері байланыс орнату қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел үн қату мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары болуы қажет екендігіне назар аударды. Осы орайда, бүкіл қоғамның бірлескен еңбегінің нәтижесіне айналған ұлтаралық келісімді, алуан түрлілігімен ерекшеленетін, ғасырлар бойы қалыптасқан бірлігімізді нығайту мәселесінің, ұлтаралық қатынас тіліне айналуға тиісті мемлекеттік тіліміздің рөлінің Жолдау негіздерінің бірі болуының мағынасы зор деп ойлаймын. Сот шешімдерінің сапасын арттыру мәелесінде атқарылуға тиісті маңызды шараларға басымдық беріп, соттардағы даулы үкімдердің балама тәсілдерін қолдануға мән беруі еліміздің медиаторлар қауымдастығының ортасында тың серпіліске, зор қолдауға ие болды деп ойлаймын. Қолданысқа енгеніне 10 жылдай уақыт болғанына қарамастан, мемлекеттік органдардың өкілдері тарапынан тиісті көңіл бөлінбей келе жатқан осы түйінді мәселе енді шешімін табатынына күмән жоқ. Құқық қорғау жүйесін толық реформалаумен қатар, қоғам игілігіне жұмыс істеп жүрген қайраткерлердің назарынан тыс қалмайтын отбасы және бала құқығын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл, жасөспірімдер арасында көбейіп кеткен суицид мәселесімен мақсатты түрде айналысу жайындағы басым бағыттар кез келген ата-ананың көңілінен шықты деп ойлаймын. Жолдауда азаматтардың, әсіресе жастардың, студенттер мен оқушылардың волонтерлық қызметке қатысу аясын кеңейту, олардың бойында белсенді өмірлік ұстанымдарға қатысты дағды қалыптастыру жайындағы бөлігі де ел ішінде игі істер жасаумен қанағат тауып жүрген еріктілердің шабытын арттырды. Сондай-ақ Президент Үкіметке еліміздің зейнетақы жүйесін дамыту мәселесін қамти отырып, жұмыс істейтін азаматтар өздерінің зейнетақы жинағының бір бөлігін белгілі бір мақсатқа, соның ішінде баспана сатып алуға немесе білім алу үшін пайдалану мәселесін шешуді тапсырды. Сонымен қатар еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтып өтті. – Қазақстанның алдында тұрған аса маңызды міндет – өнеркәсіптік әлеуетімізді толық пайдалану, ол үшін қара және түсті металлургия, мұнай химиясы, көлік құрастыру және машина жасау, құрылыс материалдары мен азық-түлік өндіруді дамыту. Ол үшін өнеркәсіп саясаты туралы бірізді заң әзірленді. Тағы бір маңызды мәселе – келер жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану. Ол үшін Үкімет пен бизнеске АӨК-ні дамытудың 5 жылдығына арналған жаңа ұлттық бағдарламаны әзірлеуді тапсырамын. Халыққа тұрақты жұмыс орындары, қолайлы жол, ауруханалар мен мектептер, сапалы азық-түлік керек. Экономикалық реформалар азаматтардың табысын арттырып, тұрмыс сапасының жоғары стандартын қамтамасыз еткенде ғана өзін-өзі сақтап, қолдауға ие болады. Осыны әрдайым есте ұстауымыз қажет, – деді Мемлекет басшысы. Жолдау еліміздің алдағы уақытта қай бағыта қалай дамуы жөнінде нақты бағыттарды да атап көрсетті. «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдаудың басты мақсаты мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, жаңа заман талаптарына сәйкес, экономикалық даму, шағын және орта бизнесті, қаржы секторын, өңірлік даму және қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын одан әрі дамыту сынды мақсаттарға қол жеткізу екеніне бәріміз куә болдық. Қазір бізге тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отырғаны айқын. Сонымен қатар Президент атап өткен жаңа экономикалық дамудың жеті қағидаты мемлекет тарапынан дәйекті шешімдер қабылдауды және сол үшін қоғам алдында жауапты болуды көздейді. Әсіресе қолжетімді әрі сапалы білім беруге және де әлемге зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күресте зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетіп келе жатқан денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытуға арналған бөлімдер – алда ауқымды жұмыстар жүргізілетінінің негізі. Халықтың әлеуметттік әлеуетін одан әрі арттыру, яғни тұрғын үй мәселесін шешу бойынша «5-10-25» бағдарламасының қолға алынып, БЖЗҚ салымшыларының шекті мөлшерден асқан сомасын білім алуға, емделуге т.б. қажеттіліктерге жұмсауы – өте құптарлық шешім. Мемлекет басшысы Жолдауында отба-сылық-демографиялық салада жаңа сая-сат басталғанын жариялады. Бұл сала – құнды құжаттың негізгі объектілерінің бірі. Бұл ретте арнайы бағдарлама қабылданып, оның тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар нақты да нəтижелі орындалса нұр үстіне нұр. Мемлекет басшысының еліміздегі демографиялық ахуалды дамытуға көңіл бөлгені құптарлық іс. Себебі халық санын көбейту, балалардың мүддесін жəне денсаулығын сақтау, саналы да сауатты, салауатты ұрпақ тәрбиелеу – жарқын болашақ кепілі. Сонымен қатар халықтың әл-ауқатын көтеру, еңбекпен қамту, үй-баспанамен қамтамасыз ету, жемқорлықпен күресу, электронды қарым-қатынасты арттыру жолдары нақтыланды. Ауыл шаруашылықты субсидияландыру, өнеркәсіпті жан-жақты дамыту жолдарын белгілеп, көлеңкелі бизнестің және кредит алудың құйтырқы жолдарын ауыздықтау керектігі туралы Үкіметке тапсырмалар берді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы бүгінгі мемлекеттік басқару жүйесін жедел түрде өзгерту керектігін көрсетті. – Билікке тың ойы бар, жалындап тұрған жастарды тарту қажет. Шенділердің жұмысы енді балдық жүйемен бағаланады. Осалдық танытқаны қызметінен кетеді. Ал белсенділерінің айлығы көбейеді, – деп жалынды сөздері жастарға тағы үлкен серпін берді. Жолдау – жастардың бойында азаматтық позицияны арттырып, патриоттық сезімді оятты, жастарды осы қоғамға бейімдеп, келешекте өзінің Отанына, қоғамдағы әлеуметтік жағдайларға бейжай қарамай оған өзіндік үлесін қосуға шақырды. Қазақстанды «Мәңгілік ел» болуға лайықты деп халыққа жылылық пен сенім сыйлады! Ел Президенті өз Жолдауында мемлекетіміздің экономикалық әлеуетін көтеру, мәдени-рухани дамуын жетілдіру халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту мәселелеріне барынша назар аударды. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі құрылып еліміздің жақсы өркендеп дамуының көрсеткіштерін нақтылап жасау жүзеге асырылды. Мемлекеттік қызметкерлердің саны екі жылға 25 пайызға қысқарып, олардың жалақысы көтеріліп, жауапкершілігін арттыру мәселесі қозғалды. Бұдан бөлек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күшейтіліп, құқық қорғау және сот саласында реформалар жүргізу, қылмыстың алдын алу, бұзақылыққа жол бермеу мақсатында полиция, прокуратура, сот қызметкерлерінің міндеттерін нақтыланды. Білім және медицина саласын реформалау материалдық-техникалық базасын жақсарту, қызметкерлердің жалақысын жоғары деңгейге көтеру де дұрыс шешім. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға байланысты Әлеуметтік кодекс қабылдау қажеттілігі де айтылды. Жолдауда қоғамдық кеңестерінің жұмыстарын жетілдіру заң жүзінде мәртебесін бекіту, жергілікті жерлерде тұрғындардың кез келген мәселесінің дұрыс шешуіне белсенді қатыстыру сөз болды. Осындай тың бастамалар мен ел дамуының бағдарын айқындап берген құнды құжатты мен толығымен қолдаймын.

Жұмаш ЖОЛБОЛДЫ