БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жамбылдықтардың 78 пайызы өзгерістерді қолдады

Жамбылдықтардың 78 пайызы өзгерістерді қолдады
caption
Жамбылдықтардың 78 пайызы өзгерістерді қолдады
Күні кеше аяқталған республикалық референдумның облыстағы 492 учаскесінде 688,369 жамбылдық өз таңдауын жасаған. Бұл туралы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкеловтің қатысуымен өткен баспасөз конференциясында айтылды. – Аймақта дауыс беруге қатысқан азаматтардың жалпы саны 69,39 пайызды құрады. Ал референдумда қойылған Конституцияға енгізілген өзгерістерді 375, 277, яғни өз таңдауын жасаған жамбылдықтардың 78,63 пайызы қолдаса, 85,173 адам қарсы болған. Бұл дауыс берушілердің 17,85 пайызын құрайды. Сондай-ақ жауаптардың екі нұсқасы да таңдап алынған, яғни жарамды деп танылған, алайда дауыстарды санау кезінде ескерілмейтін бюллетеньдер саны 1,65 пайызды немесе 7,854, ал дауыс берушілердің ерік білдіруін анықтау мүмкін болмайтын және жарамсыз деп танылған белгіленбеген үлгідегі бюллетеньдер саны 1,89 пайызды немесе 8,986 бюллетеньді құрады, – деді С.Айдапкелов. Облыстағы барлық референдум учаскелерінде республикалық қоғамдық ұйымдардан 2283 өкіл қатысқан. Учаскеде өз таңдауын жасаған ерекше қажеттіліктері бар азаматтар саны 1067 болса, олардың үйде дауыс бергендер саны – 1128 адам. Құрбанәлі Шахабай
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар