Жаңалықтар

Өскеменде үш оқушыны көлік қағып кетті

Өскеменде үш оқушыны көлік қағып кетті

Өскемен қаласында көлік қаққан 3 оқушы ауруханаға түсті.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 14 қараша күні кешкі уақытта болған. 13-14 жас аралығындағы балалар жаттығудан шығып, үйлеріне қайтып бара жатқан.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалған. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатыны белгілі болды.