Жаңалықтар

Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің өлімі: сот әскери қызметкерді ақтады

Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің өлімі: сот әскери қызметкерді ақтады

Қаңтар оқиғасы кезіндегі 4 жасар қыздың өліміне қатысты іс бойынша сот шешім шығарды. Әскери қызметкер Арман Жұман ақталды.

15 қарашада Алматы гарнизоны әскери соты Қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің өліміне байланысты айыпталушы әскери Арман Жұманды ақтады. Бұған дейін прокурор айыпталушыны 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Айыпталушы Арман Жұман «Билікті асыра пайдалану» (451-бап, 2-бөлігі 1-тармағы) бабы бойынша айыпталған.

Сондай-ақ ол қайтыс болған қыздың әкесіне қатысты сот оны Қылмыстық кодекстің 119-бабы бойынша (Қауіпті жағдайда қалдыру) жауапкершілікке тарту туралы жеке қаулы шығарғанын айтты.