Саясат

Прокурор экс-депутат Нұржан Әлтаевты 12 жылға соттауды сұрады

Прокурор экс-депутат Нұржан Әлтаевты 12 жылға соттауды сұрады

 

     width=Азаттықтың хабарлауынша, Әлтаевқа Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлімі ("Пара алу") бойынша айып тағылған. Оның соты жабық режимде өтіп жатыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Әлтаевты "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтен аса ірі мөлшерде пара алды (135 мың доллар) деген күдікке ілініп отырғанын хабарлаған. Саясаткер айыпты жоққа шығарған. Ол кейінгі кезде "Ел тірегі" партиясын құруға әрекеттеніп, билікті жиі сынай бастаған.